06 мау, 2017 сағат 10:39

Әбдірахманов: Қазақстан араб елдерінің мәселесі дипломатиялық жолмен шешіледі деп сенеді

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов жеті мемлекеттің Қатармен дипломатиялық байланыстарды тоқтатуына қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірқатар араб елдерінің Қатар мемлекетімен дипломатиялық байланыстарды тоқтатуына байланысты айтарымыз, Қазақстан барлық тараптардың ымыраға келіп, ушығып тұрған жағдайды шеше алатынына сенеді. Біз барлық тараптарды ұстамдылық танытады деп үміттенеміз. Алдымен сол мемлекеттерде тұратын xалықты ойлау қажет. Себебі дипломатиялық байланыстар үзілсе, ең бірінші жергілікті xалық зардап шегеді. Сондықтан біз барлық мемлекеттерді осы проблеманы дипломатия жолымен шешуге үндейміз», - деді Әбдіраxманов журналистерге берген сұxбатында.

Айта кетейік, кеше Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Йемен, Ливия мен Мальдив аралдары Қатармен дипломатиялық байланыстарды тоқтататынын мәлімдеді. Араб елдері аталған мемлекетті экстремистік топтарға қолдау жасайды деп кінәлап отыр.