29 сәу, 2021 сағат 16:07

Абай Байгенжин: «Спутник V» - ең табысты әзірлемелердің бірі


«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжин қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналардың қауіпсіз әрі тиімді екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Мәскеуге арнайы барып, профессор Гинцбург басқаратын Н.Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығында болдық. Екі күн ішінде бізге «Спутник V» вакцинасының бүкіл тізбегі мен даму механизмі көрсетілді. Біз бұл вакцина кеңес дәуірінде жасалған ең сәтті әзірлемелердің бірі екеніне көз жеткіздік. Біз коронавирустың қандай қауіпті ауруы екенін жақсы білеміз. Онымен күресудің вакцинадан басқа балама жолы жоқ», - деді медицина ғылымдарының докторы.

Ғалым вакцина ауру туғызбайтынын, өйткені ондағы вирус бөлшектері өлтірілген күйде болтанын клиникалық зерттеулер айқын көрсеткенін айтады.

«Елордада вакциналау пунктерін қоғамдық орындарда орналастырып жатқанымыз өте дұрыс. Мұндай пандемия жағдайынан бәріміз бір бағытта ойлап, вакцина алсақ қана аман шыға аламыз. Құрметті қала тұрғындары, дәрігерлер, мен сіздердің әріптестеріңіздің бірі ретінде, елорда тұрғыны ретінде вакцинадан қорықпауға шақырамын», - деді Абай Байгенжин.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирусқа қарсы вакцина егу алдында антиденелердің бар-жоғын анықтау қажеттілігіне қатысты пікір білдірген болатын.