Биыл аты әлемге әйгілі, қазақты қазақ ретінде танытуға сүбелі еңбек сіңірген Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Бұл айтулы мерейтой қарсаңында Қазақстан бойынша ғана емес, ЮНЕСКО көлемінде атап өту жоспарланған болатын. Елімізді ғана емес, әлемді сергелдеңге салған пандемия әсерінен бұл мерейтой көбіне онлайн өтуге мәжбүр болды. Сондай игі шаралардың бірі – аталған ақын мерейтойы аясында Қызылорда облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Достық үйінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлына арналған әдеби кеш өтті, - «Ұлт ақпарат».
Алдымен аталған игі шарада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған қалалық кітапханалар қатысты. Көрме аясында ұлы ақынның өнегелі өмірімен танысып, оның даналығы, рухани асыл мұралары насихатталды. Ақынның өмірінен баяндалған шығармалар, еңбектер мен зерттеулер, сонымен қатар ақынның өз шығармалары барынша насихатталып жатты. Ақынның өнегелі өмірін мен мұраларын қанша дәріптесек те жарасары сөзсіз.
Абай кешіне арналған жиында «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің белсенді жасы Константин Луцаның орындауындағы «Айттым сәлем қаламқас» әні шырқалып, Абай әндерін де дәріптелді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған жиынның мақсаты – Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ел мұрасын жалғастырушы азамат болуды еліміздің жас буын санасына енгізу.
«Абай шығармаларын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту. Не бір асыл өлеңдер мен әндер тудырған, өміршең рух бере отырып, бүкіл әлемге өзі ғана танымал болмай қазақ халқын да танытқан дара тұлғаның өнегесін бойға сіңіру. Абай – қазаққа ғана емес, түркі әлеміне, әлемдік әдебиетке ортақ тұлға. Оның өмірі мен шығармашылығын жастар арасында ғана емес, барлық халық арасында насихаттау да жеткіліксіз. Биыл Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында біз ақынымызды барынша асқақтатуға тырысамыз. Егер ойымыз жүзеге асып жатса, онда бүгінгі шараның өз мақсатына жеткені деп білеміз», - деді «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова.
Сонымен қатар, әдеби кештің алғы сөзін «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Асылбек Жұмабаев бастады және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауға елеулі үлес қосқан бірлестіктің белсенді мүшелері Татьяна Данилина, Юрий Тырышкин, Галина Финансоваға «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін табыстады.
Осы орайда айта кеткеніміз жөн. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына да мерейлі 25 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай Ассамблея жұмыстарына белсене араласып, ел мен ұлттардың татулығы мен бірлігіне еңбек етіп жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне ерекше медаль табысталып жатыр. Ол «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі деп аталады. Бұл игі шара жыл соңына дейін жалғасады деп жоспарланған.
Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ел мұрасын жалғастырушы азамат болуды еліміздің жас буын санасына енгізуді мақсат еткен шарада заманынан озық туған Абай қазақ жазба мәдениеті мен музыка өнерін биік сатыға көтерді. Абай құндылығы дәріптелген кеште оның өмірі туралы деректер беріліп, өлеңдері оқылды, аударма ертегілерінен үзінділер көрсетілді. Бірнеше әндері шырқалып, қара сөздері тыңдалды.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Қызылорда облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Достық үйінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлына арналған әдеби кеш өтті. Кештің мақсаты – Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ел мұрасын жалғастырушы азамат болуды еліміздің жас буын санасына енгізу. Алдымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған қалалық кітапханалар қатысты. Көрме аясында ұлы ақынның өнегелі өмірімен танысып, оның даналығы, рухани асыл мұралары насихатталды.