2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру тізімдері қайта қаралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік құралдарының сұраныс жоғары 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (МТНБ) беру тізімдері қайта қаралды. Бір нөмірдің құны 137 мың 85 теңгені құрайды. ААА, ВВВ, ССС, т.с.с. біркелкі әріптік белгілері бар нөмірлердің құны да - 137 мың 85 теңге.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша осы санаттағы 141 МТНБ сатылып, жалпы сомасы 20 млн теңгеге жетті.
Сонымен қатар сұраныс жоғары 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777, сондай-ақ 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, 111, 222, 333, 444, 555, 666, 888, 999 нөмірлерін беру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
2018 жылғы қаңтарда жалпы құны 45 миллион теңгеден асып жығылатын жүзден астам нөмір берілді.