Фото: Pinterest
23 қаңтарда Америка киноакадемиясы биылғы 97-ші «Оскар» сыйлығының номинанттарын жариялады. Биылғы жылдың басты фавориті ретінде француз режиссері Жак Одиардың «Эмилия Перес» атты криминалдық комедиясы аталуда. Фильм бірден 13 номинацияға ұсынылған, деп хабарлайды Ult.kz.
Сонымен қатар, «Бруталист», «Анора» және «Дюна: Екінші бөлім» сынды танымал туындылар мен Деми Мур, Киран Калкин, Тимоти Шаламе сынды атақты актерлер де беделді сыйлық үшін бақ сынайды.
«Үздік фильм» номинациясы бойынша ұсынылғандар:
- «Анора» (реж. Шон Бейкер)
«Бруталист» (реж. Брэйди Корбет)
«Эмилия Перес» (реж. Жак Одиар)
«Конклав» (реж. Эдвард Бергер)
«Никому не известный» (реж. Джеймс Мэнголд)
«Дюна: Екінші бөлім» (реж. Дени Вильнев)
«Мен әлі осындамын» (реж. Вальтер Саллес)
«Субстанция» (реж. Корали Фаржа)
«Зұлым: Батыс ведьмасының хикаясы» (реж. Джон Чу)
«Никель ұлдары» (реж. РаМелл Росс).
«Үздік режиссер» номинациясы бойынша үміткерлер:
- Шон Бейкер («Анора»)
- Брэйди Корбет («Бруталист»)
- Корали Фаржа («Субстанция»)
- Жак Одиар («Эмилия Перес»)
- Джеймс Мэнголд («Никому не известный»).
«Үздік әйел рөлі» номинациясының үміткерлері:
- Деми Мур («Субстанция»)
- Майки Мэдисон («Анора»)
- Карла София Гаскон («Эмилия Перес»)
- Синтия Эриво («Зұлым: Батыс ведьмасының хикаясы»)
- Фернанда Торрес («Мен әлі осындамын»).
«Үздік ер рөлі» номинациясының үміткерлері:
- Эдриен Броуди («Бруталист»)
- Рэйф Файнс («Конклав»)
- Тимоти Шаламе («Никому не известный»)
- Колман Доминго («Синг-Синг»)
- Себастьян Стэн («Оқушы: Трамптың көтерілуі»).
«Үздік анимациялық фильм» номинациясы бойынша:
- «Поток» (Латвия)
- «Дикий робот»
- «Ойжұмбақ 2»
- «Уоллес және Громит: Құстар кегі»
- «Улитканың мемуарлары».
Айта кетейік, номинациялар ертерек жариялануы керек еді, алайда Калифорниядағы орман өрттеріне байланысты кейінге шегерілді. Қаңтардың алғашқы жартысында басталған алапат өрт 24 адамның өмірін қиып, 10 мыңнан астам ғимаратты жойған.
«Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі 2 наурыз күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 3 наурыз, 04:00-де) өтеді. Салтанатты шараны атақты америкалық комик Конан О’Брайен жүргізеді.