24 шіл, 2020 сағат 19:30

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

25 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірі мен елордада ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қарағанды облысының кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік- батыстан, батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қаласында 25 шілдеде жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Семей қаласында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік- батысқа ауысып 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

26-28 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік- батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 18-23 м/с, екпіні 30 м/с асады. 

Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында 25 шілдеде күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауыл сақталады. Күндіз 40 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 75-100.