2021 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ және Тәжікстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
2 474 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 712 адам, анықтамасыз 762 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 086 жолаушы, анықтамамен - 727; анықтамасыз - 359;
Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 248 жолаушы, анықтамамен - 920, анықтамасыз - 328;
Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 12 жолаушы анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 128 жолаушы, анықтамамен - 53, анықтамасыз - 75.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Айта кетейік, 2021 жылдың 6 ақпанында анықтамасыз келген 484 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, екінші жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.