11 шіл, 2019 сағат 16:52

53 жастағы ресейлік турист Баянауылда шыңнан құлады

 

Павлодар облысы Баянауыл ауданында 53 жастағы ресейлік турист шыңнан құлады. Оның оң аяғы сынып, аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ТЖ өңірлік департаментінен хабарланғандай, 53 жастағы ресейлік Жасыбай көлінде турбазамен демалып жүрген.

«10 шілдеде 18:00-де 112 нөміріне Жасыбай демалыс аймағында жедел-құтқару жасағы Ресей Федерациясының азаматын шыңнан эвакуациялаған. 1966 жылғы азамат абайсызда екі метрлік биіктіктен құлап, аудандық ауруханаға жеткізілді», - деді ведомствода.

Баянауыл аудандық ТЖ бөлімінде туристік Жасыбайда жұбайымен бірге демалып жүргенін айтты.

«Ол тауда жұбайымен бірге болған. Турист тауға суретке түсу үшін шыққан. Таудың биіктігі 130 метр. Ер адам екі метрге көтеріліп, аяғы қайырылып қалған. Өз-өзін ұстай алмай, төмен қарай құлаған. Әйелі турбазаға келіп, оқиға туралы хабарлаған», - деді бөлімнің бас маманы, азаматтық қорғаныс полковнигі Данияр Тоқатов.

Хабарламаны ТЖ мен жедел жәрдемге жіберген. Денсаулық сақтау басқармасынан атап өткендей, оң аяғы сынған ер адам алғашқыда аудандық ауруханаға, кейін бірінші Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілген.

«Науқас толықтай ем қабылдап жатыр, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр», - деді басқармадан.