Әлемнің байырғы тұрғындарының халықаралық күнінде БҰҰ адам құқықтары жөніндегі сарапшылары болашақ ұрпақ үшін тілдерді сақтауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҰҰ сайтында хабарланғандай, сарапшылар тілдердің 40 пайызы жойылу алдында тұр, яғни – 2 800 тіл.
Әлемнің байырғы тұрғындарының 7 мың тілі бар. Олардың кейбірінде тек бірнеше адам ғана сөйлейді, бірақ БҰҰ әрбір тіл дәстүр мен мәдениетті сақтап отырғанын атап өтті. Әлемнің байырғы тұрғындарының тілдері мәдениет пен саяси өзін-өзі анықтауда маңызды рөл ойнайды.
«Тіл – артықшылық емес, құқық», - дейді БҰҰ адам құқықтарының түрлі аспектілері жөніндегі сарапшылар.
Олар осы онжылдықтың "Әлемнің байырғы тұрғындары тілдерінің онжылдығы" деп жарияланғанын еске салып, «10 жылдың ішінде осы тілдерге келтірілген тарихи залалдардың салдарын жойып, оларды болашақ ұрпақ үшін сақтауға болады» деп есептейді.