27 там, 2019 сағат 01:30

27 тамыз күні ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 27 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Республиканың басым бөлігі циклонның және сонымен байланысты фронттардың ықпалында болады. Кей жерлерде дауыл тұрып, жел күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктің кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Жел екпіні 15-25 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Ақмола, Қостанай, күндіз Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы облысында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.