Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент Палаталарының Бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы парламенттің ресми сайты хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 21 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» - деп жазылған Өкім мәтінінде.
Былтыр депутаттар демалысқа 30 маусымда кеткен. Парламент сессиясы қос палатаның бірлескен отырысында жабылған.
