Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады. Қазгидромет синоптиктері 16-18 қарашадағы ауа райын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжам бойынша, атлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік облыстарда қар, тұман, көктайғақ, екпінді жауын-шашын, боранды жел күтіледі.
"17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі, 18 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы солтүстік-батыста түнде 12-17 градусқа дейін аяз, күндіз 7-12 градусқа дейін аяз, солтүстікте, орталықта түнде 13-20 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін аяз, шығыста түнде 6-18 градусқа дейін аяз, күндіз 1-10 градусқа дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5-13 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда 16 қараша қар жауады, түнде -7, күндіз -3°C суық болады. 17 қарашада күн бұлтты болып, ауа температурасы түнде -10, күндіз -6°C көрсетеді. 18 қарашада қар жауады, түнде -14°C, күндіз -6°C болады.
Алматыда 16 қарашада күн бұлтты, түнде -1°C, күндіз +6°C болады. 17 қарашада қар аралас жаңбыр жауады, түнде -1°C, күндіз +10°C жылы. 18 қараша қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде -5, күндіз -2°C төмендейді.
Шымкентте 16 қарашада күн ашық, түнде 0°C, күндіз +13°C жылы. 17 қараша қар аралас жаңбыр жауады, түнде -2°C, күндіз +13°C жылы. 18 қарашада түнде -8, күндіз +1°C болады.