2025 жылға қарай ұшқышсыз, жердегі диспетчерлер басқаратын жолаушылар лайнерлері пайда болады.
Ұшқышсыз ұшатын ұшақтар тасымалдаушы-компаниялардың ұшқыштардың еңбекақысына төленетін 35 миллиард долларға жуық қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, деп хабарлайды «КоммерсантЪ».
Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта ұшудың негізгі бөлігі автоұшқыштың бақылауымен жүріп жатыр. Басқарусыз азаматтық авиация енгізу әуе билеттерінің арзандауына да септігін тигізеді. Билет бағасы 10 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде.