16 ақп, 2021 сағат 19:51

2023 жылдан бастап Өзбекстандағы мемлекеттік іс қағаздарын жүргізу латын әліпбиіне көшеді

2023 жылдан Өзбекстандағы мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне көшеді. Бұл туралы ӨзА агеттігі хабарлады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстандағы барлық ұйымдар мен мекемелердегі іс қағаздарын жүргізу латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне көшеді.

2021 жылы 10 ақпанда Өзбекстан Министрлер кабинеті «Латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне кезеімен толық көшуді қамтамасыз ету шаралары туралы» №61-санды қаулы қабылдады.

Қаулы туралы толық ақпаратты агенттік жариялады.

Қаулы мәтініне сәйкес, өзбек тілі алфавиті мен емле ережелері негізінде транслитерацияға арналған ақпараттық бағдарламалық жасақтаманың бірыңғай талабы әзірленеді (мерзімі – 2022ж. қаңтар), сонымен қатар оқу орындарына арналған оқулықтар мен басқа да әдебиеттер латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне кезең-кезеңімен баспадан шығарылатын болады.