25 шіл, 2017 сағат 07:36

2022 жылы адамзатты не күтіп тұр?

ІВМ компаниясының мамандары 2022 жылға арналған бірқатар болжамдар жасаған. Сондай-ақ жақында олар «5 те 5» тізімін ұсынды. Онда олар жақын арадағы бес жылда біздің өмірімізде пайда болатын аса маңызды технологиялық зерттеулерге сипаттама берді. Осы тізімдегі алғашқы орында жасанды интеллект (зият) тұр (ЖИ). Ол – болашақтағы ғылыми өзгерістердің жаршысы. Қазіргі кезде бізде «байсалды» ЖИ бар, ол адамды шахмат партиясында және басқа ойындарда жеңе алады. Алайда күндердің бір күнінде адамзат «әуесқой» ЖИ ойлап табады. Өз кезегінде эмоциялардың алуан түрлі әлемін ұғына алатын болады. Әрі қызықты әңгімелесушіге айналады, оның адамнан ешбір айырмашылығы болмайды деседі.


Макроскоптар

Олардың үшінші болжамы барлық нәрсені бөлшегіне дейін, егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік беретін «макроскоптарға» қатысты болды. Қазіргі кезде мыңдаған жасанды жер серіктері Жер орбитасында жүр. Шынайы уақыт режимінде олар ауаның температурасы туралы мәліметтер берсе, қылмыскерлердің іс-әрекетін, әскерлердің қимылын, егін жинауды қадағалайды екен. ІВМ мамандары 2022 жылға қарай жасанды жер серіктерінен алынған барлық мәліметтердің біріктірілуі мүмкін екендігін болжайды, сол кезде климаттың өзгеруі сияқты өзара байланысты құбылыстарды талдау аса тиімді және дәл, нақты болады делінген.


Жасанды интеллект

ІВМ болжамынша, жасанды интеллекті жақын арада сөйлеу мен жазуды талдау мүмкіндігіне ие болады. Осылайша, ол біздің психикалық күйіміздегі өзгерістерді қадағалап отырады. Қарапайым смартфондардағы қосымша сөйлеудегі депрессия белгілерін байқауға қабілетті және алдын ала осы аурудың дамуы туралы ескертіп, ерте емдеу үшін жеткілікті уақыт қалдырып отырады екен. Алдағы бес жыл ішінде ІВМ компаниясының болжамы бойынша, эксперименттік жүйелер кез келген адамға сөйлеудегі маңызды өзгерістерді қадағалап отыруға мүмкіндік береді.


Супербатыл көру

ІВМ 2022 жылы ЖИ-дің адамдарға супербатылдың көру мүмкіндігін беретінін болжайды. Қазірдің өзінде бізде әлемді басқа түсте көруге мүмкіндік беретін линзалар мен көзілдіріктер бар. Олар инфрақызыл сәулелерден микротолқынды сәулелерге дейін көруге мүмкіндік береді. Компания ЖИ-дің осы линзаларды бұдан да қуатты ететінін болжап отыр. Олар бізге жаңа мүмкіндіктер сыйлайды, адам бұрынғыдан да жақсы көреді. Мысалы, егер сіз көлікті тұманды күнде жүргізетін болсаңыз, ЖИ күрделі табиғат жағдайларын танитын және тұманды сейілтетін, оның арасынан жақсы көретін жарық толқындарына ауысады.


Ақылды сенсорлар

Сонымен, «ақылды сенсорлар». Бұл газдың шығуын, температураның өзгеруін немесе қоршаған ортаның ластануын табатын кішкентай құрылғылар, бұлар қазір де бар. Бірақ олар көп жағдайда аталған олқылықтарды жоюға адамның қатысуын талап етеді. Болжам бойынша, бұл құрылғылардың жаңа нұсқалары тек ғаламтормен біріктіріліп қоймайды, сонымен бірге, шынайы уақыт режимінде олқылықтарды тіркеп отырады. Әрі өз бетімен бірқатар қиындықтарды түзетеді деседі.
Сіз қалай ойлайсыз, бұл жақын уақытта шындыққа айнала ма?


Чиптегі зертханалар

Енді бізді шағын құрылғылардың – «чиптегі зертханалар» көмегімен медициналық диагностика күтіп тұр. Олар – кез келген адамға өз бетімен денсаулық жағдайына диагностика жасауға мүмкіндік беретін, алақанда ғана орналасатын шағын құрылғылар. Қазірдің өзінде осындай «зертханалардың» бірнеше тәжірибелік үлгілері бар. Бұл құрылғылар адамның денсаулығында кінәраттың болу-болмауын көрсететін фитнес-білезік түрінде болуы мүмкін. Әрине, бұл құрылғылар терапевт дәрігерлердің орнын баса алмайды, олардың жұмысы 2022 жылы да бұрынғыдай маңызды бола бермек. Алайда ІВМ компаниясы шағын биохимиялық зертханалардың соншалықты қарапайым болатынын, сіздің денсаулығыңыз туралы мәліметтердің смартфоныңыздың экранында шығарылатынын болжайды. Елестетіп көріңіз, егер «чиптегі зертханаларды» денсаулық сақтау жүйесіне қосатын болса, онда сіздің учаскелік дәрігеріңіз сіздің денсаулығыңызды қадағалай алатын болады және күрделі симптомдар табылған жағдайда сізге көмекке келіп, тіпті өміріңізді сақтап қалады.

Жадыра Қожахметова,

"Айқын" газеті