31 жел, 2021 сағат 14:22

2022 жылдың қаңтар айында ауа райы қандай болады?


«Қазгидромет» мамандары 2022 жылғы қаңтар айына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаңтар айының басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жоғары қысым аймағының әсері сақталады, осыған байланысты аязды, бұлты аз ауа райы болжанады. 

Алайда еліміздің батыс аймақтарына Солтүстік циклон жырасының тереңдеуімен, жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ болжанады. 

Циклон жырасының шығыс бағытта ығысуына байланысты республиканың қалған аумағында да ауа райының сипаты тұрақсыз. 

Солтүстік өңірлерде бұрқасын, екпінді жел, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (қар мен жаңбыр түрінде), көктайғақ және тұман болады. 

Ауа температурасы елдің солтүстік жартысында түнде -17-28°С-тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, оңтүстік жартысында күндіз +5+12°С-қа дейін, елдің батысында -3+2°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды. 

Бірінші онкүндіктің ортасында ел аумағына кезекті суық антициклон әсер ете бастайды. 

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 

Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, ал бірінші онкүндіктің соңында ҚР шығысында түнгі сағаттарда термометр бағаны -17-32°С-қа дейін, оңтүстік жартысында -3-13°С-қа дейін, батысында -8-23°С-қа дейін төмендейді. 

Мұндай ауа райы ұзаққа созылмайды, өйткені антициклонның орнына Скандинавия аймақтарынан циклон қайтадан ауысады, оның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады және аяз әлсірейді. 

Консультативтік ауа райы болжамына сәйкес 2022 жылғы қаңтардың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бірінші онкүндіктегі сияқты жиі өзгереді.

Аязды күндер жылы күндермен алмасады, қар жауады, бұрқасын мен екпінді жел болжанады, ҚР оңтүстік жартысында негізінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ құбылыстары мен тұман құбылыстары болады. 

Иран аудандарынан республиканың басым бөлігіне жылы ауа массалары келеді. Соның әсерінен ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1-2° жоғары болады. 

Тек елдің солтүстік-батыс бөлігіне циклонның биік жырасының жиі әсер етуімен ауа температурасы климаттық норма шамасында күтіледі.

Жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормаға жуық.

Қазақстанның солтүстік жартысында, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың, шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында нормадан көп болады деп күтілуде. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстік-батысында нормадан аз.

Циклондық әрекет және антициклонның жиі әсерінен бір ай ішінде ауа температурасының ауытқуы болжанады:

ҚР солтүстік жартысы мен батысында түнде -25-35°С тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -15-25°С тан -5+5°С-қа дейін.

ҚР оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында түнде -10-28°С тан -5+5°С-қа дейін, күндіз -5-10°С тан +5+15°С-қа.