27 жел, 2021 сағат 12:10

2021 жылы прокатта рекордтық сома жинаған фильм белгілі болды


"Өрмекші адам: үйге жол жоқ" фильмі коронавирус пандемиясы басталғаннан бері 1 миллиард доллар жинаған алғашқы фильм болды.

Фильм прокаттың он екі күнінде 1 миллиард доллар жинады, деп жазады Sputnik агенттігі The Hollywood Reporter журналына сілтеме жасап.

Кинокартина Sony студиясының америкалық нарықтағы ең тиімді жобасы болды.


Фильмнің басты рөлінде бұған дейін алты фильмде өрмекші-адамды ойнаған Том Холланд түсті.

Өрмекші - Marvel комикстерінің ең танымал кейіпкерлерінің бірі. Өрмекші адам туралы алғашқы фильмдер 1970 жылдары түсірілген.

Супер қаһарман туралы жаңа трилогия алғаш рет 2002 жылы түсірілді, содан кейін басты рөлді Тоби Магуайр ойнады. Оның қатысуымен үш фильм экранға шықты, кейінірек Эндрю Гарфилд Өрмекші адамға "айналды", ол екі фильмде басты рөлде пайда болды.