2020 жылы рекордтық инвестициялық келісімшарт жасалды. Бұл ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Зебешев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Пандемия кезінде онлайн режимге көшудің арқасында біз 2020 жылы келісімшарттардың саны мен сомасын сақтап қана қоймай оны арттырып, рекордтық көрсеткішке жеткіздік. Жыл ішінде жалпы сомасы 635 млрд теңгені құрайтын 56 инвестициялық келісімшартқа қол қойылды. Бұл соңғы 10 жылдың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш саналады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Ардақ Зебешевтің атап өтуінше, оның ішінде жалпы сомасы 51,2 млрд теңгені құрайтын 8 келісімшарт өңдеу өнеркәсібі саласында жасалып отыр.
«Осы іс-шаралардың барлығы 2025 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін жалпы ішкі өнімнің 30 пайызына, ал тікелей шетел инвестициясының көлемін 30 млрд долларға дейін жеткізуге септігін тигізуі қажет», - деді ол.
