28 мау, 2020 сағат 08:25

2020 жылғы велоспорттан әлем чемпионаты жоспарланған мерзімде өтеді

Велоспорт-2020 әлем чемпионатының ұйымдастырушылары оның Швейцарияда 20-27 қыркүйек аралығында өтетінін растады, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Әлем біріншілігі, жоспарланғандай, Эгле-Мартиньи маршруты бойынша өтеді. Қазіргі уақытта ешқандай кедергі жоқ.

Сонымен қатар, Швейцария чемпионатын ӘЧ-на дайындық ретінде бақылаймыз. Ол 22 тамызға жоспарланған және әлем біріншілігі өтетін жерде болады.

«Өңірдегі денсаулық жағдайы мен Швейцария Федералдық кеңесі, Во және Вале кантондары, Эгль мен Мартиньи коммундары қабылдаған шектеу шараларын бақылап, жарысқа дайындықты жалғастырдық. Әлемдегі жағдайға байланысты мұқият болу керек, бірақ Швейцария чемпионатын ұйымдастырушылар әлем чемпионаты кезінде де біздің тәсілдерімізді бағалап, тәртіпті бақылауда ұстауға көмектеседі», - деді ӘЧ-2020 ұйымдастыру комитетінің президенттері Грегори Дево мен Александр Дебон.