17 мау, 2021 сағат 15:40

20 мың адам кәсіпкерлік негіздерін үйренеді


Республика бойынша 20 мың жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді. Ол сонымен қатар Қалалық форматтағы "QAYNAR BULAQ – Алматының қайнау нүктесі" атты бірінші халықаралық кеңістікте еңбек нарығы, трендтер, жұмыспен қамтудың жаңа нысандары және кадрларды даярлауға қойылатын жаңа талаптар туралы айтып берді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

"QAYNAR BULAQ – Алматының қайнау нүктесі" – бұл білім беру, ғылым және бизнес салаларының өкілдерін, ғалымдарды, студенттерді, кәсіпкерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді, қоғамдық ұйымдардың мүшелерін, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен кәсіби қоғамдастықтарды, журналистерді, үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді азаматтарды өз алаңында біріктіретін AlmaU базасындағы қалалық форматтағы креативті дамушы кеңістік.

Осы жерде өткен жиында Айтуар Қошмамбетов "Атамекен" ҰКП 2018 жылдан бастап ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуына талдау жүргізіп келеді.

Өткен жылдармен салыстырғанда ағымдағы жылы жұмысқа орналастырудың орташа пайызы 3%-ға төмен, мысалы, 2018 жылы жұмысқа орналастыру деңгейі 70%-ды, 2019 жылы 74%-ды, 2020 жылы 71%-ды құрады, оның ішінде 61%-ы зерттеу кезеңінде тұрақты жұмыс істеді, деп мәлімдеді Айтуар Қошмамбетов.

Оның сөзінше, колледж түлектерін жұмысқа орналастыруды талдау республика бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 59%-ды құрағанын көрсетті

Оның ішінде, 46% тұрақты зейнетақы аударымы бар, түлектердің орташа жалақысы 74 935 теігені құрады.

Айта кетейік, ұлттық кәсіпкерлер палатасы жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру үшін "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасы және "Бизнестің жол картасы 2020" қабылдады. Оқыту жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының бірі – халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және жаппай кәсіпкерлікті дамыту шаралары болып табылады. Осы себепті "Бастау Бизнес" жобасын "Еңбек"мемлекеттік бағдарламасы аясында Атамекен жүзеге асырып жатыр.

Сонымен қатар Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлікті дамытудың "Almaty Business – 2025" өңірлік бағдарламасы қабылданған. Ол бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, оқытуға, кәсіпкерлерді сүйемелдеуге, инвесторлар тартуға бағытталған.

 

Ал Атамекен" ҰКП  ұсынып отырған 2019 жылдан бастап "Бастау Бизнес" жобасы бойынша білім алған 140 мың тыңдаушының 44%-дан астамы 17-ден 29 жасқа дейінгі жас санатының өкілдері болып табылады, олардың 19 мыңы өз ісін ашты.

Ағымдағы жылы біз 30 мың жұмыссыз, ал 20 мың NEET санатындағы жастарды, Жас отбасы мүшелерін оқытуды жоспарлап отыр.

Палата басшысының мәлімдеуінше, басты мақсат – кәсіпкерлікті оқыған адамдардың 30%-ы өз бизнесін ашуы немесе кәсібін кеңейтуі қажет.

Айта кетейік, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы 2021 жылы 19 оқу орталығын ашты, 2017 жылдан бастап "Атамекен" ҰКП Білім беру ұйымдарының тізіліміне техникалық және қызмет көрсету еңбегі кәсіптері бойынша кәсіптік даярлау, біліктілікті арттыру және беру бойынша 107 оқу орталығы енгізілді. Кәсіпкерлер оқу орталықтарын ашуға жоғары қызығушылық танытады, өйткені олардың білікті кадрларды "тапсырыс бойынша" дайындауға және қайта оқытуға мүмкіндігі бар.

Қосымша және сабақтас мамандықтарды сатып алу жұмыс іздеушіге қызықты және жақсы төленетін жұмысқа орналасуға көбірек мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқу кезеңінде әрбір тыңдаушы 20 949 теңге көлемінде стипендия және курстан өткені туралы куәлік алады.

Айтуар Қошмамбетовтың сөзінше, Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы білім беру ұйымдарымен ЖОО жанында шағын хаб құру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазірге дейін "Тұран" университетінде хаб ашылды, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындарымен кездесулер өтті. Олардың барлығы ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеген.