#
#
Сенбі 04/07/2020

Екінші және үшінші кезеңде қанша пойыздың қозғалысы жанданатыны белгілі болды

  • 29.05.2020
  • 0
  • 238

ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрғасының орынбасары Жәнібек Тайжанов жолаушылар пойыздарының қозғалысын жандандырудың екінші және үшінші кезеңінде қандай шаралар атқарылатынын айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол жүру билеттерін сату биылғы 15 мамырдан басталды. Бүгінде 293 мың билет сатылды. Екінші кезеңде, яғни 2020 жылдың 10 маусымынан бастап 39 жұп пойыздың қозғалысын жандандыру жоспарланған. Оның ішінде алты «Тальго», 14 стандардтты және 19 қала маңы пойызы бар», - деді Ж.Тайжанов.

Оның сөзіне қарағанда, үшінші кезеңде мемлекеттік шекарадан өтуге шектеулерді алып тастау шараларына қарай 15 жұп пойыздың қозғалысы ашылады.

«Қазіргі кезде санитарлық талаптарға сәйкес, барша инфрақұрылымдық нысандар тасымалдау процесіне дайындалды. Жолаушылар мен пойыз бригадасын барынша қорғау бойынша тасымалдау шаралары Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің нұсқауларына сәйкес іске асырылады», - деді Ж. Тайжанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бірінші кезеңде 1 маусымнан бастап 54 жұп пойыздың қозғалысы жанданады. Оның ішінде бес «Тальго», 31 стандартты және 18 қала маңы пойызы қамтылмақ.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар