23 шіл, 2020 сағат 12:44

199 коронавирус жұқтыру ошағын күш құрылымдары қоршап тұр – ІІМ

Қазақстанның күш құрылымдары 199 коронавирус жұқтыру ошағы мен 366 карантиндік нысанды қоршап тұр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына сәйкес, 4 облыста 2 санитарлық (Ақтөбе облысы) және 7 блокпост (Атырауда – 4, Қостанай – 2, Қызылорда - 1) қойылған. Одан бөлек, 199 коронавирус жұқтыру ошағы мен 366 карантиндік нысанды қоршау жұмыстары жалғасуда», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде. 

Оның айтуынша, бұл шараларға күн сайын 14 мыңнан астам полицей, Ұлттық ұлан әскерилері және мыңнан астам волонтер тартылады.