16 қаң, 2023 сағат 17:35

18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

Сурет ашық дереккөзден алынды

18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазтелерадио" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"18 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутник, цифрлық және аналогты эфир желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында Қазақстанның барлық аумағында теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұндай жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі.

"Тоқсандық жоспарлы-профилактика жұмыстары сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар сапалы теле-радио хабарын тарату үшін қажет", - дейді "Қазтелерадио" баспасөз қызметі.