17 ақп, 2021 сағат 10:21

Ауа райы: Алдағы үш күнде күн суытады

«Қазгидромет» синоптиктері 18-20 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

18-19 ақпан күндері Қазақстандағы ауа райына Оңтүстік Каспий циклоны әсер етеді. 

Еліміздің солтүстік бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, бұрқасын болады. 

19 ақпаннан бастап Қазақстанның көп бөлігінде антициклонның әсерінен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. 

Солтүстікте түнгі уақытта ауа температурасы 15-33 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстікте 0,+5℃, кей жерлерде 10-15℃ суықты көрсетеді. 

Республиканың жекелеген аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.