#
#
Сейсенбі 22/09/2020

17 тамыздан кейін де жабық болатын нысан қызметкерлеріне 42500 теңге беріле ме?

  • 14.08.2020
  • 0
  • 177

17 тамыздан кейін қызметіне рұқсат берілмейтін нысан қызметкерлеріне өтеамқы төлеу ұсынысы енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Элдар Жұмағазиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Брифингіде: «17 тамыздан бастап жұмысын бастамайтын кәсіркерлерге 42 500 теңгеден төлене ме?», - деген сұрақ қойылды. 

«Жұмыстарын бастауға рұқсат берілмеген қызмет түрлері де бар. Оларға қатысты ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Мысалы, сапаржайда 74 адам жұмыссыз отыруға мәжбүр. Бұл, бюджет мүмкіндігіне қатысты сұрақ деуге болады. Пандемия кезінде біз өтемақы төлеу туралы бастама көтердік. Бірінші айда өтемақы төленді, одан кейін карантин уақыты тағы созылды. Енді, осы мәселеге қатысты ҚР Экономика министрлігімен бірігіп ұсыныс әзірлейміз», - деді Элдар Жұмағазиев. 

Оның айтуынша, 17 тамыздан кейін қызметіне шектеу қойылған бизнес нысандарының қатары азаяды. 

«Сауда орталықтары мен үлкен базарларға қатысты тәуекел көп. Ол жерде сақтық шаралары қалай сақталады, оны қалай реттеу керек - бұл жағы үлкен сұрақ. Жұмысы тоқтап тұрған кәсіпкерлерге өтемақы берілуін қолдаймыз. Қазіргі уақытта салық төлеуді, несие төлеуді шегеруге қатысты сұрақтарды қарастырып жатырмыз», - деді ол. 

Айта кетейік, 13 тамыз күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар