Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ел өңірінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал, батыста және оңтүстік-шығыстағы тауларда бұршақ жауады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аумағында бауыл тұрады.
Күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде желдің 15-20 м / с күшеюі күтілуде, тауларда бұршақ жауады. Күндіз Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м / с.
Қостанайда, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрша жауады, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрады.
Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарының оңтүстігінде күндіз кей жерлерде аптап ыстық күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да қатты ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.