18 ақп, 2021 сағат 11:35

15 жасар қыз 11-қабаттан құлап, аман қалды

Мәскеуде Новопеределкинский көшесіндегі көпқабатты үйдің 11-қабатындағы пәтер терезесінен құлаған он бес жасар қыз аман қалды. Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, ол омбы қарға құлағандықтан, тірі қалған, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Кешке Новопеределкинский көшесіндегі көпқабатты үйдің 11-қабатындағы пәтердің бірінің терезесінен 15 жасар қыздың құлағаны туралы хабар келді. Қыз аман қалғанымен түрлі жарақаттар алды, сондай-ақ миы шайқалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр», - деп хабарлады агенттік. 

Осы оқиғаға байланысты тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр.