Синоптиктер 14-16 шілде аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қазақстанның барлық дерлік өңірінде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.
Бұл - Иран мен Ирак аймақтарынан келген ыстық ауаға байланысты.
Республиканың батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал.