Мемлекет пен үкімет басшылығында әйелдер мен ерлердің үлесі қазіргі даму қарқынымен 130 жылдан кейін тең болады. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари ДиКарло айтты, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат порталы.
Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш 22 елде ғана әйел адам мемлекет немесе үкімет басшысы екенін атап өткен болатын. Бұл ретте министрлердің тек 21 пайызы әйел, ал парламенттегі депутат әйелдер 25 пайыздан аз.
"Прогрестің қазіргі деңгейінде мемлекет пен үкімет басшылары 130 жылда гендерлік теңдікке қол жеткізеді", - деді ДиКарло.