Синоптиктер 10 сәуір күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
Республикамыздың солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын жауады.
Қалған аймақтарында жаңбыр жаумайды, күн ашық болады.
Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстікте көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз жел қарқыны 15-20 дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жел жылдамдығы - 23 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл, түнде Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейіп, кей жерлерінде тұман бақыланады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Аймақта шаңды дауыл соғады.
Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғады.
Таңертең және күндіз Маңғыстау облысында теңіз жағалауында тұман түседі.
Атырау облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.