26 сәуірде Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Грузия, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен бір тәулікте елімізге 4 179 авиажолаушы келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 214 жолаушы;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 707 жолаушы;
- Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, 828 жолаушы;
- Актау қаласының әуежайына – 4 рейс, 430 жолаушы;
«Барлық жолаушы коронавирусқа ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген», - деп нақтылады ведомстводан.