2021 жылдың 1 мамырынан елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды енгізу тетігі іске қосылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.
Ал мемлекеттік тапсырыстардың операторы ретінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының,облыстардың мәдениет және спорт басқармалары бекітілген.
«Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстардың жеткізушісі ретінде кез-келген жеке кәсіпкер не заңды тұлға болуы мүмкін. Оның меншік формасы маңызды емес. Бастысы, заңмен бекітілген мерзімде сапалы қызмет көрсетілу қажет. Ал қызмет алушы - 4-17 жасқа дейінгі балалар, олардың мүддесін заңды өкілдері қорғайды. Қабылданған ережелер ваучерлік жүйе секілді жұмыс істейді. Оған сәйкес, балалар арасындағы бос орындар, олардың кезегіне сәйкес, меншікті ваучердің берілуі арқылы таңдаған қызмет көрсетушісіне бөлінеді», - деді министрліктен.
Балалар контингентін толтыру, басқа да қызмет көрсетушінің, оператор мен баланың заңды өкілінің функционалдық қосалқы қызметтері, осыған қатысты процесстер қызмет көрсетуші мен баланың заңды өкіліне тегін негізде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ережеде шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялардың жұмыс істеуіне қатысты, оның ішінде ғимараттарды жабдықтауға байланысты арнайы талаптар көзделген. Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды жеткізіп берушілерді іріктеу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету, шығармашылық үйірмелер және спорттық секцияларға баратын балалардың кезегін сақтау, және осыған қатысты барлық процедуралардың дұрыс жүруі электронды форматта, біріккен ақпараттық жүйе негізінде жүзеге асырылады.
Бүгінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, ҚР Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп, «Bala» ақпараттық жүйесін дайындап жатыр. Ол аталған тетік процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
28 сәуірден бастап еліміздің бірнеше өңірінде, атап айтсақ, Қарағанды және Павлодар облыстарында ақпараттық жүйені апробациядан өткізу басталып кетті. 29 сәуірден «Bala» ақпараттық жүйесіне еліміздің облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда қосылды.