08 мам, 2019 сағат 17:49

«Үздік топтың» үздіктері анықталды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ең үздік студенттік топ – 2019» бай­қауы­ның ақтық сайысы мәресіне жетті. Гранд финалдық инновациялық жобаларды қорғау кезеңінде әр топ Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «2019 жыл – Жастар жылының» аясында жобаларын ұсынды. 2012 жылдан бері бас­тау ал­ған жоба студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, үздік студенттер тобын шығару және ынта­ландандыру мақсатында жүргізіліп келеді.

Осы жылы 6 факультеттен ең үздік 6 топ гранд финалдық кезеңге қатысты. Үш айға созылған дода студенттердің уақытта­рын қызықты әрі пайдалы іске жұмсауы­на септігін тигізді. Студенттердің жалпы оқу үлгерімі, ғылыми, мәдени және қоғамдық шара­лардағы белсенділігі, өзін-өзі бас­қару­дағы ұйымдастырушылық қабі­лет­тері сыналатын дода бұл жылы да дәстүрлі түрде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен жоғары деңгей­де өткізілді. Конкурс­тың төрт деңге­йін­де: студент­тік топтар таныстырылды, «Талайға арман болған, талайды қанат қақтырған  ҚазҰУ» атауындағы бей­не­роликтерімен сыналды және топтар  интеллектуалдық  қабілеттіліктерін көрсетті, инновациялық жобаларын қорғады. Сонымен қатар, «Айналаңды нұр­ландыр» және «Алма-Қала» акция­лары төңірегінде ҚазҰУ қалашығында көшеттер отырғызуға атсалысты. Ақтық сында Физика-техникалық факультеті – «Face камера», Ақпараттық технологиялар факультеті – «Smart жатақхана», Шығыстану факультеті – «Equality» зағип жандарға тіл үйрету курсы, Химия және химиялық технология факультеті – «Табиғи газ метаннан каталитикалық жолмен таза сутегіні алу», Биоло­гия және биотехнология факультеті – «Биогумус», Журналистика факультеті – «Diploma project» сынды жобалар ұсынды.   

Дәстүрге айналған «Ең үздік студент­тік топ – 2019» жобасының нәтижесінде жүл­де­лі үшінші орын алған Физика-техникалық факультеті, «Жылу энергетикасы - 227» тобы Шарын шатқалына жолдама алса, екін­ші орынды иеленген Шығыстану факультетінің «Шетел филологиясы: корей тілі» мамандығының студенттеріне «Ыстық­көл» спорттық-сауықтыру орталығына жолдама бұйырды. Бірінші орынға ие болған Химия және химиялық технология  факультетінің «Химия-201» тобы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік тобы атанып, Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алды. Сонымен қатар, «Ең үздік студенттік топ» жобасының «Ең үздік студент» номинациясына ие болған Биология және биотехнология факультеті, «Биотехнология-17» тобының студенті Ембергенов Нуратдин «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының «85 жылдыққа 85 қайырымды іс» жобасы бойынша «Үммет жастары» қоғамдық-қайырымдылық қорының демеушілігімен ноутбукке ие болса, «Ең үздік староста» номинациясына ие болған Журналистика факультеті, «PR-101» тобының студенті Гүлбану Ерғазықызы Дубай қаласына жолдама алды.

Қазақ Ұлттық Университеті ректоры Ғалым Мұтанұлының қолдауымен өткен жобаның финалдық кезеңі Алматы қаласы белсенді жастары мен ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамының көзқарасы бойынша жоғары деңгейде өткендігін дәлелдей түсті. Жарқын жоба алдағы ағымда студент жастардың тың идеялары нәтижесінде жандана түспек.

Нұрсәуле Идаят,

ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультетінің 3 курс студенті