ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Қазақстанның 14 азаматының Ирактағы жанжал аймақтарынан шығарылғандығы жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Біз Қазақстанның 14 азаматының Ирактағы қарулы қақтығыстар аймағынан шығарылғаны жайлы мәлімет алдық. Олардың ішінде бір ер адам, үш әйел және он бала бар. Қазіргі уақытта олар Иракта, эвакуацияға дайындалып жатыр. Иорданиядағы Қазақстан елшілігінде дипломаттарымыз осы мәселемен айналысып жатыр. Кейінірек толығырақ мәлімет берілетін болады", - деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетейік, осыған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров гуманитарлық операция аясында Ирактың Таль-Афар қаласынан алты ресейлік пен алты қазақстандық азаматтың эвакуацияланғанын айтқан болатын.