14 мау, 2021 сағат 14:14

Шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланған 500 жұмыс беруші жауапқа тартылды


Елімізде рұқсатсыз шетелдіктердің еңбегін пайдаланған 500 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның атап өтуінше, ішкі істер органдары көші-қон заңнамасын қасақана бұзушыларды анықтауға бағытталған «Мигрант» жедел іс-шарасын 7 маусымнан бастап өткізіп жатыр.

«Операцияның 7 күнінде тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланған 500 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактісі бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды», - деді ол. 

Мәселен, ресми өкілдің айтуынша, Шымкент қаласында мектеп құрылысына 30 шетелдікті заңсыз жұмысқа салу фактісі анықталып отыр.