07 сәу, 2026 сағат 12:20

Ақтөбеде бір күнде екі бала терезеден құлады

Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында бір тәулік ішінде екі бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиғалардың бірі Ақтөбе қаласындағы Есет батыр шағын ауданында болған. Онда 6 жасар бала екінші қабаттан құлаған. Ал Қандыағаш қаласында 4 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалып, терезедегі москит торына сүйеніп, төменге құлаған.

Абырой болғанда, балалар ауыр жарақат алмаған.

Полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және терезе қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды.