06 сәу, 2026 сағат 16:43

Мысықты құтқарам деп қаза тапты: Павлодарда ер адам ағаштан құлап мерт болды


Фото: gov.kz


Павлодарда мысықты ағаштан түсірмек болған ер адам биіктен құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға қаладағы өнеркәсіп аймағында болған, деп хабарлайды Ult.kz.


Мәліметке сәйкес, 50 жастағы тұрғын шамамен 6 метр биіктіктен құлаған. Ол ауыр жарақаттар алып, жедел түрде Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген.


Дәрігерлер науқасты жансақтау бөліміне жатқызғанымен, алған жарақаттарының ауырлығына байланысты оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.


Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.