07 сәу, 2026 сағат 12:12

Ыстамбұлда қазақстандық курьерді атып кетті: күдіктілер ұсталды

 

Фото: ru.haberler.com


Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан азаматы қарулы шабуылдың құрбаны болды, деп хабарлайды Ult.kz.

 

Haberler.com сайтының мәліметіне сәйкес, жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Ариф Исмаиловқа белгісіз адам көшеде оқ жаудырған. Оқиға шамамен сағат 16:30 кезінде болған.

 

Ауыр жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

 

Ыстамбұл полициясы жедел әрекет етіп, алдымен күдіктілер мінген көлікті анықтаған. Кейін дрондардың көмегімен олардың орналасқан жері табылып, екі адам ұсталды. Күдіктілердің Грузия азаматтары екені белгілі болды. Тергеу деректеріне сәйкес, олар елден қашып кетпек болған.

 

Қазіргі уақытта қылмыстың себебі анықталып жатыр.