Фото: egemen.kz
Таразда мектеп-интернат педагогы әріптесінің жала жапқаны үшін сотқа жүгініп, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғап шықты, деп хабарлайды Ult.kz.
Іс материалдарына сәйкес, жанжал 2024 жылдың қыркүйегінде басталған. Мектеп қызметкері директорға әріптесі туралы шағым түсіріп, оны «өсек тарататын, тәрбиешілерге жала жабатын әрі көп мөлшерде ақша жинайтын жемқор» деп сипаттаған. Алайда мектеп әкімшілігі жүргізген ішкі тексеріс бұл айыптауларды растамаған.
Сот сараптамасы да бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын және талап қоюшының беделіне нұқсан келтіргенін анықтады.
Нәтижесінде сот жауапкерді кінәлі деп танып, талап қоюшының пайдасына 100 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
