Фото: Bes.media
Қазақстанда халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1991 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 67,6 жасты құраған. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш тұрақты өсім көрсетуде.
2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлім-жітімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енді.
Үкімет 2029 жылға дейін халықтың өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін арттыруды жоспарлап отыр.
