Фото: gov.kz
Өскеменде бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Жақсылық Омарға қатысты сот үкіміне прокуратура түсінік берді, деп хабарлайды Ult.kz.
Қадағалау органының мәліметінше, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға рақымшылық та, шартты түрде мерзімінен бұрын босату да қолданылмайды.
Сотта Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары қызметін атқарған Омардың ісі қаралып, ол алаяқтық пен пара алу фактілері бойынша кінәлі деп танылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушы қызметтік өкілеттігін жеке пайдасына пайдаланған.
Мемлекеттік айыптаушы ең қатаң жаза сұраған. Нәтижесінде сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Прокуратура бұл қылмыстардың сыбайлас жемқорлық санатына жататынын атап өтіп, мұндай істер бойынша рақымшылық қарастырылмайтынын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ, тараптар оны апелляция тәртібімен қайта қаратуға құқылы.

