07 сәу, 2026 сағат 13:04

Елімізде заңсыз дәрі саудасына қатысы бар 73 кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылды

Фото: видеодан скриншот

Заңсыз дәрі саудасына байланысты мыңнан астам медициналық мекеме және 300 кәсіпорын тексерілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалып, дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс тіркелді. 500 мыңнан астам дәрі және 1,5 мың тонна прекурсордың айналымы шектелген. Сондай-ақ 73 кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан айтты. 

«Алматыда рецептісіз дәрі сатқан төрт дәріхананың фармацевттеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Ақтөбеде ірі фармацевтикалық мекемеге қатысты іс қозғалып, 400 мың дәрі тәркіленді. Түркістан облысында 100 тонна күкірт қышқылы арнайы күзетсіз тасымалданған. Абай облысында 680 тонна прекурсорды тасымалдау ережесі бұзылған», - деді Данияр Мейірхан