07 сәу, 2026 сағат 12:00

Полицейге шабуыл: Өскеменде қару тартып алып, оқ атқандар ұсталды

Фото: ашық дереккөз


Өскеменде тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған төтенше оқиғада полицейге шабуыл жасаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.

 

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, мас күйде болған күдіктілер құқық қорғау органының қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен. Олар тәртіп сақшысының табельдік қаруын тартып алып, оқ атқан.

 

Оқиға салдарынан полицейдің қолы жараланып, ол ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Күдіктілер жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы, оның ішінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қауіп төндіру және қаруды заңсыз иелену фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.