03 шіл, 2021 сағат 10:59

Белгілі әнші желідегі жазбасы үшін істі болды



Беларусь елінің бас прокуратурасы Александр Лукашенкоға "тіл тигізген" әнші, әртіс Анжелика Агурбашқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik.


"2020 жылдың тамызынан бері уайымсыз өткен бірде-бір күнім болмады. Күн сайын бітпейтін сот, қамауға алу, ақылға қонбайтын үкімдер, азаптау. Қазір ең тамаша адамдар түрмеде отыр. Енді бірі қудалаудан құтылу үшін елден кетуге мәжбүр", - деді ол.


Ол азаматтар өзін қауіпсіздікте сезіне алмай отырғанын жазды.


"Беларусь елінің бас прокуратурасы маған қатысты 130-баптың 3-бөлігі және 368-баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Іздеу жариялап, мені экстрадициялап, қамауға алуды талап етті", - деді Агурбаш.


Анжелика Агурбаш - беларусь және ресейлік әнші, модель, актриса, тележүргізуші, Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі (2006). 1970 жылы Минск қаласында туған.