07 сәу, 2026 сағат 16:41

Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлының мәйіті табылды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның із-түссіз жоғалып кеткен ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Суыт хабарды журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

"Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Жаны жәннатта болсын", – деп жазды ол.


Айта кетейік, бұған дейін әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кеткені хабарланған еді. Ақпаратқа сәйкес, ол 24 наурызда Алматыдағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып, қайта оралмаған. Үстінде қара спорттық киім болған.