14 шіл, 2021 сағат 15:42

Ақтөбеде 13 жасар баланың велосипед ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды


Жасөспірім көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кетті. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының 102 нөміріне 34 жастағы әйел хабарласты. 

Оның айтуынша, Батыс-2 шағын ауданындағы көпқабатты үйдің кіреберісінен «STELS» маркалы балалар велосипеді ұрланған. 

Мекенжайға учаскелік полиция инспекторлары бірден жіберілді. Нәтижесінде бейнеқабылау камераларының көмегімен 13 жастағы баланы анықтап, ұстады.

«Полиция департаменті ақтөбеліктерден өз меншігіне қатысты қырағы болуын, жеке мүлікті ұрлау фактілерін болдырмау үшін барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануын сұрайды. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан велосипедті ұрлау дерегі жиі тіркеледі»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.