07 сәу, 2026 сағат 18:12

Шерзат Полат ісі: сотталғандар ақталуды талап етті

Фото: Жоғарғы сот


Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталған екі адам кассациялық шағым түсіріп, өзін толық ақтауды сұрады. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.


Адвокаттың айтуынша, шағымды сотталғандар Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов берген. Олар сот үкімімен келіспей, өздерін толық ақтауды талап етіп отыр.


Мейірман Шекеевтің сөзінше, кассациялық шағымдар жақында ғана келіп түскен, ал сот отырысы ертеңге белгіленген.


Еске салайық, 2025 жылғы 5 маусымда сот үкімімен 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты 9 адам 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.


Сол жылдың шілде айында сотталғандардың бірі — Думан Ысқақ жазасын өтеп, бостандыққа шықты. Ал тамыз айында өзге айыпталушылар апелляциялық шағым бергенімен, сот үкімді өзгеріссіз қалдырған.