01 шіл, 2021 сағат 14:39

78 адамды алдаған алаяққа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді


Алматыда 78 адамды алдаған алаяққа қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасы бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 29 жастағы М.есімді ер адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады. 

«Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің OLX.kz сайтының қолданушыларына қатысты 78 алдау фактісіне қатысы бар екендігі анықталды. Фишинг әдісін қолдана отырып, OLX.kz сайтына ұқсас сенімсіз сілтемелерді жіберіп, күдікті жәбірленушілерге, егерде берілген сілтемелер бойынша өздерінің банктік мәліметтерін толтырған жағдайда, тауарлар үшін төлем ала аласыңдар деп сендірген. Күдіктінің айтуынша, тауарларды курьерлер алып кетуі керек болған. Алайда жәбірленушілердің карталарының деректерін алған М.есімді ер адам, «Wooppay.kz» төлем жүйесі арқылы олардың қаражаттарын өзінің банктік карталарына аударған. Жалпы ол азаматтарға 2,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.