06 мам, 2019 сағат 13:59

Меркіт ханы Тоқта Бек Сақа ұлысының этникалық бабасы болуы мүмкін бе?

XIV-XVI ғасырлар арасындағы уақытты заманауи түркі халықтарының қалыптасу кезеңі деп санасақ та болады. Сондықтан оларды бұрын өзіндік мемлекеттілігі болмаған жас этникалық топтардың қатарында көрсетіп келеді. Осылайша якуттардың да өзіндік бір этникалық топ ретінде қалыптасуын Ресей империясының құрамына ену кезеңінен бастайтындар да бар. Алайда, түркі халықтары көп ғасырлық тарихи тамырдан келеді. Қазіргі түркі халықтарының сол тарихи мол мұраларға иелік ету құқығы қаншалықты? Немесе түркілер өз тарихындағы әр кезеңде мемлекеттілік пен тарихи жадысын қайта-қайта жаңалап тұрды ма екен?

Әрбір қазіргі заманауи түркі халықтарының бәрінің ортағасырлық этникалық бабалары бар. Мысалы қазақтардың, қыпшақтар ұрпағы деп саналып, олардың бай тарихи және мәдени мұрасына иелік етіп жатқан жайлары бар. Якут халқының пайда болған жері ретінде қазіргі Якутияның аумағы көрсетілсе де Орта Азияның тарихи кеңістігінде сақа ұлтының этникалық ата-бабаларының іздері жатыр. Бұған біздің дәуіріміздің I ғасырында жалпы түркі тілінен Якут тілінің глотокохронды әдісімен оқшаулануы да содан бері өткен уақыт та дәлел бола алады. Сақаның оңтүстіктік бабалары ретінде Тойон (Байкөлдің аржағы Хамар-Дабан бөктері) аңғарында өмір сүрген соғыс құмар Меркіт ұлысын көрсетсек болатын секілді. Осылайша ортағасырлық Меркіттерге қатысы бар тұлғаларды Сақа халқының да тарихи тұлғалары десек болады.

Әдетте Моңғол империясының пайда болуын тек қана Шыңғыс ханмен байланыстырып жатады. Бірақ та Моңғолияның бірігуі бірнеше ірі тайпалық қауымдастықтар мен ірі маңғаз тұлғалардың өз ара текетіресі нәтижесінде іске ақан дүние. Ал Темршін мен оның Бөрішігін тайпасының сол азаматтық соғыстағы жеңісін әскери және дипломатиялық шеберліктің салдары десек болады. Сондықтан да Жалайыр көсемі Жамұқа мен Керей Тұғырыл Уаң Ханның, Тайшуыт Торғытай-Кірілтұңға мен Татар Алақ-Ұдырдың, Найман нояндары Көксей-Сабрақ, Таян Хан және Күшіліктің, әсіресе Меркіт бегі Тоқта Бектің тарихи тұлғаларына мұқият назар аударғанымыз жөн болады. Өзіндік жеке саяси көзқарастары бар осы тарихи тұлғалар, өзінің туған Ұлы үстіртінің болашағына әртүрлі көз қараспен қарады. Бұл баһадүрлердің ішінде өзіндік келбетімен ерекше көзге түсетіні Меркіт ханы Тоқта Бек екені даусыз.

Тоқта Бек өз дәуірінің ең көрнекті қолбасыларының бір еді. Оның соғыс жүргізу өнерін кейін Шыңғысхан жауларына қарсы талай мәрте қолданған. Рашид-ад-Диннің айтуынша Тоқта Бек Теміршіннен бұрын Қадан Тайшының жетекшілігіндегі моңғолдармен екі рет шайқасқан. Бір жолы саны жағынан басым жау қорашуында қалып он алты түрлі ауыр жарақат алғанынына қарамастан дұшпан шеңберін бұзып шыққан екен. Сондағы Меркіт басшысының найза ұшын майға малып қолданған соғыс тәсілін Рашид-ад-дин тамсана баяндайды. (Рашид-ад-дин, т.1, к.2, б. 58).

Меркіт көшбасшыларының атағы болған «Бек» сөзі Тәңіршіл нанымда бас рухани басшы мағынасын білдіреді. Сонымен қатар «Бек», «Бей», «Би» деген ежелгі түркі сөзі «тайпа көсемі», «хан баласы», «патша» деген ұғымды да береді. "Бек", "бег" деген Түркі-моңғол термині ескі иран тіліндегі - «құдай», «патша» мағынсындағы "бага", "байа" сөздерімен түбірлес болуы әбден мүмкін деп баяндайды Дугаров (Дугаров Д.С., 1991, б 260-263). Ежелгі моңғолдарда тайпаның рухани көсемі, сонымен қатар тайпаның көшбасшы қызметін атқаратын "Бэки" деген әкімшілік - діни институттар болған. Б.Я. Владимирцовтің айтуынша ұлт көшбасшыларының тұңғыш ұлдары ғана осы атаққа ие бола алған (Владимирцов Б.Я., 1934: 49-50). Ал Сақаларда «Боко» деген атақ атадан балаға мирас жолымен және жауынгерлік өнерді меңгерген ұлдардың ең үлкеніне ғана берілетін болған. Меркіттерде "Бек" атағымен Тоқта Бек пен оның ізбасары Тоқұз Бек қана аталды. Шіліңгір палуанның да сол атаққа (боко) ие болғаны оның Тоқта Бектің үлкен ұлы болуы мүмкін екендігін немесе "дөй", "зор" деген лақап тіркестен туған сипат болуы да мүмкін екендігін меңзейді.

Рашид-ад-дин Тоқта Бекті тайпа көсемі, Меркіт тайпасының билеушісі, Меркіттердің қолбасшысы, әмірі деп жазады. Ал «Юань-ши» деректерінде Миликэй аймағының басқарушысы деп жазылған. А.Т. Тиваненко, Тоқта Бектің Ұлы үстірттегі өктем тұлғасы моңғол халықтарының жадынан кейінгі ғасырларда да шықпаған деп баяндайды. Себебі XIII-XIV ғасырлардағы деректемелерде де Тоқта Бек «билеуші» немесе «Меркет тайпасының иесі», «Удуидтардың көшбасшысы» деп аталып отырған (Тиваненко А.В., 1992, б. 23). А.В. Тиваненко «Байкөл жағасындағы Меркіттердің жері өте ауқымды болған және халық тығыз орналасқан, олардың Тоқта Бек пен оған жақын туыстарынан құралған жүйелі басқарма системасы болған» деген тұжырымға келеді (Тиваненко А.В., 1992, б. 25).

Шыңғыс дәуіріне дейінгі Моңғолиядағы көптеген танымал тайпалық одақтардың басшылары оның қамқорлығынан үміттеніп, оны көмекке шақыруы Тоқта Бектің даралық тұлғасын айқын көрсетіп тұр. 100 жауынгерімен бірге Керей ханы Тұғырылдың да Тоқта Бектің тұтқынында болғанын С.А. Козин аудармасында былай суреттейді: " Қара елтіріден бешпет киіп, Селеңгінің Бұғыра Кегіре жазығында қой соңында жүрді (Козин С.А., 1941, б. 122).

Жалайыр Жамұқа да Меркіт тұтқынының ащы дәмін татқандардың бірі. Тоқта Бек Жамұқаны шауып тонаған кезде, Жалайыр көсемі "Билеуші әкеміздің әмірне мойынсұнып, оған әрдайым көмекші боламын. Билігінен шықпаймын" деп ант ішіп жанын әзер алып қалған еді. Бұдан кейін Жамұқа өзінің нөкерлерімен бірге Тоқта Бекке келіп Меркіт Ордасында қызмет істеген еді (Рашид-ад-дин, т.1, к.1, б. 190-191). Рашид-ад-Дин Жамұқаның отыздай нөкерімен бірге ұлы қолбасы Тоқта Бекің ордасына келіп үрей толы жанарымен әдет-ғұрып бойынша алтын кеседен жерге бірнеше тамшы қымыз тамызып ұлықтағанын жазады (Рашид-ад-дин, т.1, к.1, б.191).

Құпия шежіреден Теміршіннің шешесі қоңырат тайпасынан шыққан Ұлуын алымен Меркіт сардары Шіледудің қалыңдығы болғанын, кейін Тайшуыт тайпасынан Есукейдің алып қашып кеткенін білеміз. Ал үш жүз атты әскермен Удуид-Меркіт бегі Тоқта Бекің Қият-Бөрішігіндерге шабуыл жасап, Бөртені олжалап әкетуі Моңғол империясының қалыптасуына мұрындық болған тарихи оқиғалардың бастауы еді. Бұл оқиға жайлы «Меркіт жауынгерлері Есукейдің ұлын ұзақ уақыт бойы іздейді. Олар оның ізін кесіп, жылан жүре алмайтын батпақ жылғаларды ары бері жағалады» деп, баяндайды құпия шежіре (Козин С.А., 1941, б. 97).

Ұлуынның қолды блуы, кейін Бөртенің тартып алынуы құда түсіп қыз алуға параллел ертеден келе жатқан қатын алу үрдісіне ұқайды. Дегенмен «қыз олжалау» үрдісі әлеуметтік стратификация кезеңімен байланысты ерте топтық қоғамдар дәуірінде кең таралған деген болжам бар (Першиц А.И., 1998. б. 63).

Бұрқан-Қалдұнға шабуыл жасаған үш жүз Удуит-Меркіт ақсүйегін құпия шежіре Тоқта Бектің ұлдары деп жазғаны қызық тудырып отыр. Осыған сүйене отырып шабуыл жасаған Меркіт бірлігін ерлерден құралған әскери альянс жасағы деп пайымдасақ болатын сияқты. Соған қарағанда мал мен жан олжасы үшін көршілес тайпалық одақтарға басып кіру жиі-жиі қайталанатын құбылыс сияқты. Шабуыл жасаған Тоқта Бек жасағы да көршілерден қорғану немесе шабуыл жасау үшін ұсталатын арнайы жас жігіттерден жасақталған тұрақты әсери бірлік көрінеді.

Ерлерден құралатын жауынгерлік ұйым - аналық таптан аталық тапқа көшу кезеңінде - қоғамдағы үстемдік үшін күрес нәтижесінде пайда болған. Ер-жауынгерлік одағының өзіндік басшылары, құпия тілдесу әдістері, жора-жобалары және діни рәсімдері болды. Алғашқы қарабайыр жүйенің ыдырау процесінде ер-жауынгерлік одақтар (олар кейде құпия ордендер деп те аталады) көбінесе мемлекеттік билікті қалыптастырған органдарға айналып отырды.

1180 жылы Теміршін бастаған Қият-Бөрішігін және Тұғрыл иелік ететін Kерей мен Жамұқаның соңынан ерген Жалайыр қосындарынан құралған қырық мың қол Қамар-Дабан асуын кесіп өтіп, Бұғыра-Кегіредегі Тоқта Бек Ордасына тұтқиылдан шабуыл жасап, үлкен қырғын салды. Сол қырғында адам шығыны көп болмаса да бір кездегі үш одақтық Ұлы Меркіт ордасы жығылды. Қолға түскендерді байлап, матап алып кетті (Т сол к, б. 104).

Дауылдай бірден бастық,

Ес жиғызбай желдей естік,

Оның әйел баласын тұтқындап

Қасбатыр ұландарын жеңдік

Тоқта үшін аз ба көп пе?

Біраз Меркіт тұтқындадық.

Шырт ұйқыда жатқан Тоқта Бектің өзі қолға түсуі мүмкін еді. Бірақ жау таяған кезде хабар жетіп үлгерген екен. Килхо өзенінде балық аулап жүрген балықшылар мен ормандағы аңшылар түнімен шауып хабар жеткізген. Осылайша хабар алып, ес жинап үлгерген Тоқта Бек пен Увас Меркіт көсемі Дайыр Үйсін екеуі шағын жасақпен жау шебін бұзып, Селеңгінің төменгі ағысына қарай Барғушын еліне өтіп кетеді.

Осы оқиғадан кейін ғана Теміршіннің жақтастарының саны артып, моңғол тайпалары оны мойындай бастады. Меркіт билеушілерінің алтын белбеуін тағынып, олардың болат тұяқ жылқыларын мінген кезде ғана Теміршін мен Жамұқа өздерін нағыз ханға лайық көре бастады. Әке досы Тұғрыл мен анда Жамұқа достықтарын дәлелдеді…

 

 Меркіт ерлерінің сазайын беріп,

Дүние мүлкін(!) олжалап,

Біз оларды жеңдік.

 

(Козин С.А., 1941, б. 104-105). 

Құпия шежіренің сөзіне сүйесек 1180 жылы болған сол оқиғадан бастап Байкөл алқабы даласындағы моңғол халықтарының тарихында жаңа дәуір басталды. Бұрынан Түркі билік мөрі астында жүрген моңғол тайпаларында өзіміз империя бола аламыз деген үміт пайда бола бастады.

Бірінші жеңіліс пен қайта тұтанған өз ара соғыс арасындағы 17 жылдық үзіліс біраз жұмбақ болып тұр. Мүмкін бұл уақытта екі жақ та күш-қуат жинған шығар бәлкім? Жас өсіп, кектен туған жаңа қан құмарлық текірес аумағын Моңғол алқабы шекарасының сыртына дейін кеңейтті. Мәселен 1199-1198 жылдары Шыңғыс қаған татарларға қарсы жорыққа аттанғанда Тұғырыл, оған айтпай енді ес жинап жатқан Меркіт елін қайта шапқан. Тоқта Бек Барғушын-Тоғым бағытына дейін шегінеді. Ал оның үлкен ұлы Тоқұз Бек сол соғыста мерт болады. Құтты мен Шылауын атты екі ұлы және Тоқта Құттықтай мен Шағару атты екі қызы тұтқынға түседі. Тұғырыл осы жолғы олжадан Шыңғысқа үлес бермей қояды (Рашид-ад-дин, т.1, к.2, б. 128). Кейін Тұғырыл Уаң Хан Меркіт жерінің Керей қонысына қосылғанын жария етеді. Бірақ Найман сарбазы Көксай-Сабрақ Уаң Ханның бірге туаған інілерін шапқан кезде Құтты мен Шылауын Тұғырылдан бөлініп, Селеңгінің төменгі ағысындағы әкелеріне барып қосылады (Козин С.А., 1941, б. 126).

Уаң ханның он мыңдаған әскерімен Тоқта Бектің артынан қуалап Барғушын алқбына дейін барғаны еске сақтайтын жәйт. Себебі моңғол әскерлерімен соғыс жүргізген Тоқта Бек әрқашан Барғушын-Тоғымға шегініп отырған. Демек Тоқта мен оның үзеңгілес достары қазіргі оңтүстік Якутияның аумағына барып тасаланып отырған. Осылайша Төменгі Тұңғыс Эвенктерінде Тақта және Тоқтыхан есімдерінің кездесуін В.А. Туголуков Тоқта Бекпен байланыстырады (Туголуков В.А., 1985, Б. 111).

Моңғол деректері бойнша Тоқта Бек пен Меркіттер алдымен өздері кейін Тайшуыт, Татар, Жамұқа және Найман ханы Бұйрықпен де бірігіп Шыңғыс хан моңғолдарымен шайқасқан. Бірақ бәрі сәтсіз аяқталып шегінуге мәжбүр болып отырған. Тоқта Бек пен оның ұлдары Моңғол сахарасындағы Шыңғысханға қарсы күрестердің бәрінде дерлік негізгі қолбасшылардың бірі болып болып арпалысқан. Саны жағынан жүз есе басым түмендермен теңсіз ұрыс жүргізіп әрдайым жау шебін бұзып, өздерінің туған далаларына оралып жүрген (Сандаг Ш., 1970, б. 22).

Моңғолияның солтүстігіндегі шайқастарда жеңіліске ұшыраған ескі дұшпан Тоқта Бек пен Жамұқа Найман Таян Ханның ордасына кездескен. Бұл факт бізді моңғолдар мен Меркіттер арасындағы текетірес қанды кек емес тек әскери диктатураға талас екен деген қорытындыға алып келеді. Бірақ шешуші шайқастарда жеңіліс тапқан ұлыстар Шыңғыс ханның билігін мойындауға мәжбүр болды. Тек Меркіттер ғана мойындамай Селеңгінің төменгі ағысына қайтадан кете барды. 1203 жылы құрылтайда ұлы қаған жарияланған Шыңғыс ханға қарсы Меркіттер Байкөлдің Батыс аумағындағы шашырап жүрген тайпалардың басын құрап қайта күрес жүргізе бастайды (Рашид-ад-дин, т.1, к.2, б. 148).

Ызалы Шыңғыс Селеңгі алқабына басып кіргенде Хоас-Меркіттердің әміршісі Дайыр-Үйсін оған Құлан-Қатун деген қызын беріп достық мәмілеге келеді. (Рашид-ад-дин, т.1, к.1, б. 116). Бірақ моңғол түмені Дайыр-Үйсін жайлауынан кеткен кезде Меркіт жауынгерлері қалған әскерлерді қырып салып, бүлік салады. Моңғол шекера бақылаушы әскери бірлікері бүлікшіл Меркіттерді орман алқабына дейін әзер шегіндіреді (Рашид-ад-дин, т.1, к.2, б. 149). Сонда Шыңғыс Қаған: «Біз оларды бізбен бірге олсын деп едік, бірақ олар бүлік шығарды!» деп, ендігәрі біріге алмайтындай етіп шабыңдар деген бұйрық береді. Дайыр-Үйсін жұртын екінші рет шапқан Шыңғыс хан оны өтіртіп, әйелі Төрегене-Қатунды ұлы Өгедейге береді (Рашид-ад-дин, т.1, к.1, б. 116). Осылайша Хоас-Меркіттер жиһангерге мойынсұнуға мәжбүр болды десек те Бурят және солтүстік халықтары арасындағы олардың ұрпақтары жағдайдың олай болмағандығын дәлелдеп тұр.

Дайыр Үйсін бүлігі туралы әңгімеде көтерлісті Меркіт ақсүйектерінің шығарғандығын, ал бүлікті басуға өздерінің қызметшілерінің ат салысқандығы туралы айтылады. Бұл фактілер бізді моңғолдар мен Меркіттер арасындағы текетірес тайпалық емес азаматтық соғыс дәрежесінде болды деген қорытынды жасауға итермелейді. Бір шепте Тәңірге табынған Моңғол даласы ұлыстарының көбі ұлықтаған ескі асылзада ұлыс; екінші шепте әлемді жаулап ала алатын қуатты империя құрғысы келген жоспар иесі.

1204 жылдың күзінде Қаражалдың қайнар бұлағында Шыңғыс қаған Меркіт Тоқа Бекпен шайқасып, Сағара-Кегере деген жерде оның қол астындағы қызметшілері мен мүлкін басып алды. Тоқта Бек пен Құтты және Шылауын бастаған ұлдары тағы да шепті бұзып сытылып кетеді. Шыңғыс ханның өзі артарынан қуғынға түсіп Алтайдың сілемдерінде қыстап қайтады. В.В.Бартолдтың айтуынша қыста Енисейді басып өтіп Ертіске бара жатқан жолда Тоқта Бекті Енисей қырғыздарының бес княздігі билеуші деп танып үлгерген еді. Айта кету керек сол орман халықтарын жаулау үшін Жошы жіберілген болатын. Қырғыз Тойондары мен басқа тайпалардың көсемдері Жошыға ақ сұңқар беріп ұлық тұтқан. Кейінірек Оңтүстік Сібір халықтары да Шыңғыс хан және оның ұрпақтарына бағыныштылығын білдіріп ақ қыран ұсынған.

1208 жылы Шыңғыс хан жорыққа шыққана Меркіттің бұрынғы одақтасы - Ойраттар толық жойылудан қорқып, оған Меркіттер тасаланған жерді көрсетіп береді (Тиваненко А.В., 1992, б. 48). Осы уақытта Найман Күшілік хан күшін Меркіт Тоқта Бекпен біріктіріп, Ертіс ағысындағы Бұқтырмада шайқасқа дайындық жүргізіп жатқан еді. Шыңғыс ханның әскері тар жол арқылы орманға еніп күтпеген жерден Меркіттерге шабуыл жасайды "Құн-Шұбуын" жебесі тиіп Тоқта Бек майдан даласында қаза табады. Ұлдары әкелерін өз қолдарымен жерлеп немесе денесін өздерімен бірге алып кете алмағандықтан Меркіт бегінің басын кесіп алып кетеді. Наймандар мен Меркіттер бірге қалмай арықарай әркім өз жолымен кеткен. Ертістен өткен кезде көбі суға кетті. Аман қалғандары арғы жағаға жеткен соң бөлініп кетті (Козин С.А., 1941, б.143).

Осылайша өз Меркіт ұлысының еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі ерліктерге толы Моңғол Үстіртінің ұлы оғланы қаза тапты.

Тоқта Бектің тікелей мұрагері болған үлкен ұлы Тоқұз Бек, Тұғырыл Ханмен болған соғыста өлген еді. Басқа Құса, Құтты, Шылауын, Шибұқ және Қолтуған Мерген сынды ұлдары әр түрлі кезеңде Шыңғыс ханның тікелей тапсырмасы бойынша Моңғол әскерлерінің қолынан ажал құшты. Шыңғысханның Тоқта Бекке берген қызынан туған жиені Шылауын да нағашысының өшпенділігінен аман қалмады. Кейбір деректерде Тоқта Бектің Құтты, Ұрхан және Шылауын атты інілері болған деп жазады. Бірақ олар туралы ешқандай басқа ақпарат көзі кезікпейді. Сол дерек көздері Тоқта Бектің Мажар, Тұсқан, Иналшы және Тұраншы деген ұлдарының да болғанын жазады.

Тағы да Рашид-ад-Диннің айтуынша соңғы соғыстан кейін Тоқта Бектің кенже ұлы шебер садақшы Қолтуған Мерген қыпшақтарға қашып кетеді. Қуғынға жіберілген жасақ оны ұстап Жошының алдына әкеледі. Қолтуғанның қандай мықты мерген екенін естіп жүрген Жошы оған нысана атқызып көрмек болады. Қолтуған іркес тіркес бірінің артынан бірін салып оқ тартқанда соңғы жебе алдыңғы жебенің ашасынан тиіп екіге жарып өткен. Оның мергендігіне мейлінше қызыққан Жошы әкесіне кісі салып, Қолтуған мергенді өлтірмей алып қалуды сұрайды. Алайда Шыңғыс бұл пікірге келіспейді: «Меркіт тайпасынан асқан қан құмар тайпа жоқ: біз олармен қаншама рет шайқастық; олардан қайғы-қасірет пен қиындықтар көп шектік, қайта шабар жауды қалай тірі қалдыруға болады? Мен сендер үшін бұл елдер мен әскерлер, тайпаларды жаулап алдым; (бұл адам) бізге не қажет? Ата жаудың өлгені жақсы (Рашид-ад-дин, т.1, к.1, б. 116).

1204 жылы Моңғол Алтайына қашқан Меркіттедің бір бөлігі кейінірек Ойраттарға қосылған деп есептеліп жүр.  ХVІІІ ғасырда Қалмақ жеріне барған академик Г.Ф. Миллер оардың Шыңғыс ханмен ұзақ жылдар тынбай соғысқан Иналшы, Тұраншы деген ұлдары бар Тоқта Бек деген хандары болған екен деп жазады (Миллер Г.Ф., 1937, б. 179).

А.В. Тиваненко сібір халықтарының құты саналатын Даян-Дэрхэ образының астында осы ұлы Меркіт қолбасшысы Тоқта Бектің тұлғасы жатыр деп есептейді. Мифологиялық дәстүрге сүйенсек Даян-Дэрхэ Шыңғыс ханмен соғыс жүгізіп, ажал құшқан Орталық Азияның осы аймағының басты шаманы ретінде суреттелді. Даян-Дэрхэ культі Моңғолияның бүкіл аумағында әсіресе оңтүстік Бурятия мен Солтүстік Моңғолияда кеңінен тараған. Алайда кең көлемді аңыздар Алтайлықтар, Төлеңгіттер, Дөрбеттер, Тувалар мен Ураңқайлар сияқты Саян-Алтайдың түркітілдес халықтары арасында жазылып сақталған (Тиваненко А.В., 1998, б. 30-31).

А.В. Тиваненконың айтуынша Қалқалардың арасында Даян Дэрхэнің құрбандыққа адамның өзін шалған мықты, қан құмар шаман ретінде суреттелуі оның жадындағы Меріттер мен Моңғол әскерлері арасындағы ұзақ жылдар болған қиян кесті ұрыстардың ізі болса керек (Тиваненко А.В., 1998, б. 32).

Нәтижесінде А.В.Тиваненко былай деп сұрақ сұрайды: «Меркіт Тоқта Бектен басқа орта ғасырлардағы солтүстік Моңғолия және Алтай-Саян жоталары мен Байкөлдің арғы бетінде Түркі халқынан шығып, өз ұлысының келешегі үшін қайтпай ұрыс салып, Шыңғыс қолынан қаза тапқан басқа кім бар?  (Тиваненко А.В., 1998, б. 32).

Осылайша Тоқта Бек өлгеннен кейін де тірі атанды қоқытқан өлген бураның басындай түркі-моңғол халықтарының аруағына табынып, аза тұтқан фольклор қаһарманына айналып кете барды

Пайдаланылған әдебиеттер

Рашид-ад-дин. Сборник летописей. – Т.I, кн.1 – 2. – М.; Л.: Изд-во АН СССР, 1952. – 221 с.

Козин С.А. Сокровенное сказание. Монгольская хроника 1240 г. Монгольский обыденный изборник/ Введение в изучение памятника, перевод, тексты, глоссарии. – М.;Л.: Изд-во АН СССР, 1941. – Т.1. – С. 5-122.

Сандаг Ш. Образование единого монгольского государства и Чингисхан // Татаро-монголы в Азии и Европе. – М.: Главная редакция вост. лит. изд-ва «Наука», 1970. – С. 22.

Тиваненко А.В. Гибель племени меркитов. – Улан-Удэ: Изд-во БНЦ СО РАН, 1992. – 70 с.

Тиваненко А.В. Гибель племени меркитов. Переиздание. – Слюдянка, 1998. – 112 с.

Дугаров Д.С. Исторические корни белого шаманства на материале обрядового фольклора бурят. – М.: Наука, 1991. – 302 с.

Туголуков В.А. Тунгусы (эвенки и эвены) Средней и Западной Сибири. – М.: Наука, 1985. – 285 с.

Миллер Г.Ф. Описание Сибирского царства. – М.; Л.: Изд-во АН СССР, 1937. – Кн.1. – 607 с.


Василий Васильевич УШНИЦКИЙ, тарих ғылымдарының кандидаты, Байкөл өңірі мен Солтүстік Азияны (ИГИ АН РС (Я)) зерттеу орталығының ғылыми қызметкері

Зерттеу РГНФ («Саха халқының ерте этникалық тарихы») № 06-04-79103 а / т жобасының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылған.