20 қар, 2024 сағат 15:39

Қазақстандық гаражында бір тонна тас сақтағаны үшін Ресейде сотталды

Фото: Pexels.com

Омбы қаласының соты гаражында бір тоннадан астам жартылай асыл тас — нефрит сақтаған Қазақстан азаматына қатысты үкім шығарды. «Коммерсантъ» басылымы Омбы облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлағандай, қазақстандық 2016 жылы белгісіз сатушыдан заңсыз жолмен өндірілген нефриттің үлкен партиясын сатып алған, деп хабарлайды Ult.kz

1200 килограмм нефритті ол Ресейдің Иркутск қаласындағы гаражында сақтаған.  

2022 жылы ол нефритті Қазақстанға алып өтпек болған кезде ұсталды. «Ольховка» шекаралық бекетінде оның көлігін тоқтатып, қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ресейде нефрит заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған минералдар тізіміне кіреді. Бұл тастардың жалпы құны алты миллион рубльге (қазіргі бағам бойынша 29,7 млн теңгеден астам) бағаланған.  

Қазақстандық азамат төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Алайда ол 500 мың рубль (шамамен 2,5 млн теңге) айыппұлмен құтылды.